Навигация

  •    

     

     

     

     

     

       Өскемен қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Шығыс Қазақстан облысы №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен танысып қайтты. Сот ғимаратын аралап, бірнеше сот процестеріне қатысып, кәсіптік бағдар алған оқушыларға судья Тутканбаева Сания Мутановна өте құнды ақпарат беріп болашақ заңгерлерге сот ісінің маңыздылығын түсіндірді. 

  • Облыстық тәжірибе алмасу семинары

    Облыстық тәжірибе алмасу семинары

             

     

     

     

     

     

     

     Шығыстың шұрайлы төрінде орналасқан қазақ-түрік лицейінің қабырғасында Шығыс Қазақтан облыстық Білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығы Өскемен қазақ-түрік лицейімен бірлесе «Оқушыларды қазақ тілінен ҰБТ-ға сапалы дайындаудың тиімді жолдары» атты облыстық тәжірибе алмасу семинарын өткізді. Презентация, семинар-тренинг түрінде ұйымдастырылған бұл шара – аудандардан келген әрбір мұғалім үшін білім беру сапасын арттыруға, өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға, әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеруге, жеке оқыту траекториясын құруға көмекші және де оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін тамаша бір бағдарлама болып танылды. 

  • Республикалық ғылыми жоба нәтижелері

    Республикалық ғылыми жоба нәтижелері
    05/12/2014

         

     

     

     

     

     

     Жаңа оқу жылында тағы бір сынақ болып өтті. 2014-2015 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне лицейіміздің оқушылары қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:

    І орын – Асқаров Мақсат (қолданбалы математика)

    І орын – Мальцев Илья, Толыбаев Ғалижан (техника)

    ІІ орын – Әнуарбек Еламан, Исмайлов Шыңғысхан (қолданбалы математика)

    ІІІ орын – Кенесханов Ескендір (биология)

    ІІІ орын – Тоқтарбеков Бек (математика)

    ІІІ орын – Махамбет Олжас (математика)

    ІІІ орын – Шакенов Қайрат (математика)

    ІІІ орын – Сайранқанов Диас (математика)

    ІІІ орын – Рахымов Али, Слямов Алтай (әдебиет)

    Құттықтаймыз! 

  • Тәжірибе алмасу

    Тәжірибе алмасу
    06/12/2014

         

     

     

     

     

     

     Өскемен қазақ-түрік лицейінің ұжымы дәстүрлі әдістемелік тәжірибе алмасу барысында, Нұрорда Халықаралық мектебінде болды. Кездесу барысында мұғалімдерге пәндік бірлестік пен жекелей бірлестік жұмыстарын жүргізу туралы айтылып, ата-аналар жиналысын ұйымдастырып, қалай өткізуге болатыны ортаға салынды. Оқушы ролінде болған лицей ұжымына жүргізілген семинар-сабақ өте танымды әрі қызықты өтті. Өздерінің шығармашылығы мен қонақжай көңіл-күйлерін таныта білген Нұрорда мектебінің ұстаздарына біздің лицейдің атынан мың алғыс!        

  • Лицей оқушылары ШҚО бойынша білім басқармасы бастығының орынбасары Искакова Сайран Кабдолдиновнамен кездесуі

    Лицей оқушылары ШҚО бойынша білім басқармасы бастығының орынбасары Искакова Сайран Кабдолдиновнамен кездесуі
    06/12/2014

       

     

     

     

     

     

       Лицей оқушылары ШҚО бойынша білім басқармасы бастығының орынбасары Искакова Сайран Кабдолдиновнамен кездесті. Президентіміздің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауы арқау болған бұл кездесуде білім жүйесі мен еліміздің экономикасы жайында сөз қозғалды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, келген қонақты жылы шыраймен шығарып салды.

Информация о школе

  • <<БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ>> лицейі
    Өскемен қ., Лихарева к-сі, 5
  • +7 723 225 29 62
    +7 723 225 10 10

Карта

Кірген адам саны

Количество визитов: 374157