Навигация

  • "Ең үздік жас оқырманы"

    "Ең үздік жас оқырманы"

     

    Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, лицейдің 8 Б сынып оқушысы Ерболатұлы Зерде Оралхан Бөкеев атындағы орталық кітапхананың "Ең үздік жас оқырманы" атанып, дипломға ие болды

  • «Наурыз–Думан–2015»

    «Наурыз–Думан–2015»

     

     

     

     

     

     

    Наурыз қашанда ырыс пен ынтымақтың бастауы ғой! Биыл да дәстүрге айналған «Наурыз–Думан–2015» мерекесі өз жалғасын тауып, Өскемен қазақ-түрік лицейінде тойланып өтті. «Лицей-оқушы-ата-ана» бірлескен жұмыс нәтижелілігі бағытында қоғамдық ұйымдар, жұртшылықпен байланысты арттыра отырып, Наурыз мейрамының мемлекеттік маңызын, халықтық мәнін таныту; Сән-салтанат, салт-дәстүрді көрсету арқылы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, қазақстандық патриотизм мен азаматыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жеке тұлға ретінде қалыптастыру – осының барлығы мақсат болып алға қойылған осы шараның биылғы ерекшелігі – ұлыс күні лицейдің орта буыны, яғни 7-8 сыныптарының ғана сайысқа түсіп, өнерлерін көрсетуі. Лицей ауласында тігілген көрікті киіз үйлер қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрпынан хабардар ететін бұйымдар мен наурыз көже, қазы-қарта, қымыз, бауырсақ-тоқаш сияқты ұлттық дастархан мәзірі еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрін паш еткендей!

    Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған 7«А» сыныбының «Ұлы Жеңіс» ауылы, Қазақстан Республикасының Ассамблеясының 20 жылдығына арналған 7«Б» сыныбының «Халықтар Достығы»  ауылы,  Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толуына арналған 8«А» сыныбының «Қазақ елі» ауылы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған 8«Б» сыныбының «Ата Заң» ауылы тақырыпқа сай таныстырылып, сахналық қойылымдарымен көрермендерді таңқалдырды. Ата-аналар мен оқушылар арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, той-думан одан сайын қыза түсті.

    Думанды тамашалаған қазылар алқасының шешімі бойынша, Кошубаев Дидар жетекшілік ететін 7А сыныбы осы мерекелік сайыста жеңімпаз атанды. Ата-ана, оқушы, ұстаз болып ұжымдасқан осындай үштік жас ұрпақ санасына тек ауызбіршілік пен татулық сыйлайтынына еш күмән жоқ.

  • «Білім және Денсаулық» көрмесі

    «Білім және Денсаулық» көрмесі

     

     

     

     

     

     

    Өскемен қазақ-түрік лицейі Нұрорда халықаралық мектебімен бірлесе ұйымдастырған «Білім және Денсаулық»   көрмесінің мақсаты «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру; Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының  білім алудағы қызығушылықтарын, жаңа қабілеттерін ояту, зияткерлік және шығармашылық  қабілеттерін дамыту; ШҚО аудан, қала  мектептерімен тығыз қарым – қатынас орнатып, бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ бағытында жұмыс жасайтын бауырлас мектептерге әдістемелік көмек көрсету, олардың озық тәжірибелерін үйрену болып табылады. Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында болып өткен аталмыш көрменің ашылу салтанатында Катеv Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Абдурахман Сел, ШҚО білім басқармасы бастығының орынбасары Искакова С.К., Өскемен қаласы білім бөлімінің бастығы Ахметова М.М. сөз алып, көрменің ашылуымен құттықтады.

    Қала мектептерінің орта буын оқушыларына арнап жасаған көрме таныстырылымдары төмендегідей болды:

    1. «Техника – танымдар тұтқасы»
    2. «Математика сиқырлары»
    3. «Гуманитар әлемінде»
    4.  «Саламатты Қазақстан»
    5. «Экономика:  тұрмыс, әлауқат, алып мемлекет».

    Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері де ат салысқан осындай тамаша шараға қаладағы «Восток» сүт зауыты өздерінің өнімдерін де көрмеде таныстырып жатты.

    Екі білім ордасының басшылары – Алимжан Бекеженұлы Игенбаев пен Шабан Жошкун бастаған ұжым қызметкерлерінің еңбектенуімен ұйымдастырылған кең ауқымды шараның араға жылдар салып қайта жаңғырғаны – баршаға зор қуаныш, абыройлы мақтаныш екенін жасыра алмадық. Біздің болашағымыз – жастардың білімді, дені сау болуына ықпал жасайтын осындай білім көрмелері жалғасын таба білсе, нұр үстіне нұр емес пе?!

  • «Жасындай жарқ еткен қайран ғұмыр»

    «Жасындай жарқ еткен қайран ғұмыр»

    Өмір деген шолақ екен,

    Жан денеге қонақ екен,

    Ақірет деген бір киім, 

    Алып қайтар сол-ақ екен!

     

    2015 жылдың 4 сәуір күні Өскемен қаласының қазақ-түрік лицейінде осыдан бір жыл бұрын дүние салған оқушымыз Сапиолданов Жасұланды еске алуға арналған дәстүрлі «Жасындай жарқ еткен қайран ғұмыр» атты лицейішілік волейбол турнирі болып өтті. Өрімдей жастық шағында өмірден озған Жасұланның қазасы кімге болмасын өте ауыр тиді. Мінекей, сол күннен бері аттай бір жыл да өткен екен. Марқұмды еске алу мақсатымен ұйымдастырылған турнирдің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, барлық лицей оқушылары мен ұстаздары, Жасұланның туыстары Жасұлан туралы видеофильмді тамашалады. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, өзінің сыныптастары мен ата-аналар тарапынан естеліктер айтылып, Жасұланның шырқаған әндері тыңдалды. Волейбол жарысының қорытындысы бойынша Ардагер ата-налардан құралған құрама команда 1 орынды иеленсе, 2-нші және 3-інші орындарға 11 сыныптар мен мұғалімдер командалары қол жеткізді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, Жасұланның ата-анасы жарыс соңынан кейін барша қауымға ас берді.

  • Көптеген фестиваль мен конкурстардың лауреаты - Күзембаев Талғат Пердебекұлы

    Көптеген фестиваль мен конкурстардың лауреаты - Күзембаев Талғат Пердебекұлы

    Күзембаев Талғат Пердебекұлы – Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының әншісі. Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияны тәмамдаған Талғат Күзембаев – көптеген фестиваль мен конкурстардың лауреаты,  кең тынысты драмалық баритон дауыстың иесі. Үлкен тұлғаларды сомдап жүрген елімізге танымал опера әншісі жуырда біздің лицейімізде болып қайтты. 7-8 сынып оқушыларына халық аспаптары оркестрі мен фольклорлық оркестр жайында, эстрадалық-симфониялық оркестрімен бірлесе қалай жұмыс жасайтыны туралы айтып, өзінің орындайтын партияларын жан-жақты ашып, оқушылардың назарына операдан үзінді ұсынды. Лицей қабырғасында болған әрбір қонақ біз үшін өте сыйлы және үлкен қуаныш сыйлайды. Осы орайда, әдемі әңгімесімен, ағалық мейірімімен оқушылардың бойында кішкентай болса да шығармашылық ұшқын оятқан Талғат Пердебекұлына алғысымыз шексіз.

  • «Ана – өмір шуағы»

    «Ана – өмір шуағы»

     

     

     

     

     

     

     

    ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласындағы ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі» КММ-ның Әкелер кеңесі көктемнің алғашқы күні Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет сарайында оқушылардың аналары мен лицей ұжымына, барлық білім беру мекемелерінің тізгінін ұстап отырған әйелдер қауымына арнап «Ана – өмір шуағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

             Мақсаты:

    - Аналарға құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлінің маңызын дәріптеу арқылы жас ұрпаққа  ұлттық құндылықтар негізінде  тәрбие беру;

    -  «Ата-ана – бала - ұстаз» үштігі арасындағы байланысты нығайту арқылы  толыққанды жанұя мәселесін насихаттау және  оның ел болашағындағы алар маңызын көрсету;

    Мектеппен бірлескен  бала тәрбиесіндегі Әкелердің  белсенділігін арттыру арқылы «Салауатты  ұрпақ –  Саламатты Қазақстан»  бағдарламасын жүзеге асыруға жол ашу және Әкелердің тәрбиедегі, қоғамдағы ролін көтеру болатын осындай тамаша кеш келген барлық қонақтардың көңіліне көктем, жанына жылу, өміріне мән сыйлап жоғары дәрежеде өтті.

        Әкелердің хор болып айтқан әндері мен тақырыпқа сай қойылған философиялық мәні терең сахналық қойылым көңілге нұр, көзге жас ұялатып, жүректерді тебірентпей қоймады. Әсіресе, концерттің басты конақтары, қазақ эстрадасының жұлдыздары – Бүркіт пен Аишаның өнерлеріне тәнті болған дүйім жұрт қол шапалақтаудан тынбады.

             Аналар мен әжелер, апалар мен қарындастар жиналған осындай тамаша мерекелік кеште лоторея таратылып, бағалы сыйлықтар ойнатылды. Ұтысқа ие болғандардың алғысы шексіз болып, осындай тамаша мереке сыйлаған ұйымдастырушыларға ерекше ықылас танытқан қонақтар ризашылықтарын білдіруден тынбады

  • Рахымғазы Көшербаевпен кездесу

    Рахымғазы Көшербаевпен кездесу

     

     

     

     

     

     

     

    Шығыс өңірінің тумасы, мақтанышы Рахымғазы Көшербаев – жеңіл атлетика бойынша КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Осындай атақты спортшының немересі – Қабыш Бекмырза біздің лицейіміздің оқушысы екенін біз мақтанышпен айта аламыз. Лицей оқушыларымен кездесуге уәде беріп, өз сөзінде тұрған чемпион мектеп шаңырағында болды. Өзінің өмірі, спортқа қалай келгендігі жөнінде, алған биік асулары мен халықаралық турнирлер жайында әдемі әңгіме өрбітті.  

  • «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

    «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

     

     

     

     

     

     

     

    Лицейдің қазақ тілі пәні мұғалімі Нұқышева Бақыт Советовна барлық мұғалімдерге арнап коучинг-семинар өткізді. «Lesson study әдісі арқылы 8-сынып оқушыларының іс-әрекеттерін зерттеу» деп аталатын бұл семинардың басты мақсаты – оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін меңгеру болып табылды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ортада өзін-өзі ұстай білуі, өзгенің сөзіне зейін қоюы, берілген тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі жайында мәселелер талқыланып, топтық жұмыс жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері ортаға салынды. Сергіту сәтіндегі ерекше бой жазу элеметтері барлығының көңілінен шықты.Әсіресе жас мамандарға көмегі көп тиетін осындай дәріс-сабақтар үнемі бір жаңашылдығымен таңдандыра түседі. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» тәсілімен қорытындыланған коучинг барлық мұғалімдерге танымды болды.

  • Дубай университетінің өкілдерімен кездесу

    Дубай университетінің өкілдерімен кездесу

     

     

     

     

     

     

     

    Жуырда Өскемен қазақ-түрік лицейінде Дубай университетінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. 10-11 сыныптардың оқушыларына арнайы ұсынған бағдарламада Малайзия, Мальдива, Дубай және т.б. шетелдік университеттердің мәртебесі туралы, оқыту жүйесіндегі жаңа технологиялар мен білім беру сапасы жайында айтылды. Ең үздік шетел ЖОО-ның қатарынан орын алатын LIMKOKWING UNIVERSITY- ге ерекше тоқталып, ондағы мамандықтар мен озық жабдықтар, оқытушы мамандардың біліктілігі, магистратура мен бакалавриат жөнінде кеңінен түсінік беріп, мектеп бітірушілер жоғары оқу орнын таңдаған кезде осындай басымдықтарды басты назарға ұстаған жөн деп, пайдалы кеңестер берді.

  • Елге танымал, еңбегі сіңген атақты Асқар Можановпен кездесу

    Елге танымал, еңбегі сіңген атақты Асқар Можановпен кездесу

     

     

     

     

     

     

     

    Елге танымал, еңбегі сіңген атақты тұлғалармен кездесу – кімге болса да бір пайдасын тигізері анық. Парасатты әңгімесін тыңдап, қолтаңбасын алған кезде, шіркін деп қуанып, мен де сондай болсам ғой деп, тамсанып жататын оқушылар да аз емес. Сондай кездесулердің бірі өткен аптада Өскемен қазақ-түрік лицейінде болып өтті. Кикбоксингтен 5 мәрте Азия чемпионы, КСРО және Европа чемпионы, біздің жерлесіміз – Асқар Можанов ағамыз 7-8 сынып оқушыларына спорттың барлық түрлерінің жақсы екенін, шынықсаң, шымыр боласың деп айта кетіп, оқуда міндетті түрде озат болу керек екенін ескертті. Спортшы болу үшін қандай қағидаларды ұстану керек, қандай қасиеттерге ие болу керек екендігін түсіндіріп, өзінің ағалық пейілін білдіріп жатты.  

     
  • "Жарқын болашақ"

    "Жарқын болашақ"

     

     

     

     

     

     

     

    Сенбі 31 қаңтар күні біздің Өскемен қазақ-түрік лицейінің ұйымдастыруымен қазақ тілінен "Жарқын болашақ" республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі болып өтті. Қалалық мектептерден келген оқушылар олипиаданың бес кезеңі бойынша өздерінің жоғары дайындықпен келгендерін көрсете білді.

  • Жас жасампаздардың ғылыми жоба сайысы

    Жас жасампаздардың ғылыми жоба сайысы

     

     

     

     

     

     

     

    Жұма, 30 қаңтар күні география пәні бойынша лицейде "Жас жасампаздардың ғылыми жоба сайысы" атты жоба қорғау болып өтті. Жақанбаева Нұрлан Мамашевна жетекшілік еткен оқушылардың бұл додасы тартысты өтті. Барлығы 24 оқушы 6 жоба қорғады. Тақырыптары засан талабына сай, өмірде қолдана білу. 1 орын - "Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы", 2 орын - "ШҚО-дағы ғылыми-танымдық туризмды дамыту мүмкіндіктері", 3 орын - "Эолдық процестің алдын-алу және республика аумағының орман ресурсын жандандыру". Бұл жобалар Астана қаласында өтетін жас жасампаздардың ғылыми жоба жарысына жолдама алды.

  • «Қазақ тілі – болашағым, ертеңім!»

    «Қазақ тілі – болашағым, ертеңім!»

     

     

     

     

     

     

     

    Өскемен қаласының қазақ-түрік лицейінде қазақ тілі мұғалімдері ұйымдастырған «Қазақ тілі – болашағым, ертеңім!» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Мақсаты оқушыларға қазақ тілінің мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту,өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру болып саналатын аталған шараға әр сыныптың оқушылары жоғары дайындықпен келіп, қызу тартыс өтті. Бірнеше кезеңнен тұрған сайыста сүрінбей өтіп, өзінің мәнерлеп оқыған өлеңімен баурап алған 9 А сынып оқушысы Шөтейұлы Ұлан жеңімпаз атанды.    

  • Қазақ еліне танымал, спортта өзіндік орны бар!

    Қазақ еліне танымал, спортта өзіндік орны бар!

     

     

     

     

     

     

     

    Қазақ еліне танымал, спортта өзіндік орны бар Ермек Жапишев бүгіндері біздің лицей ұлдарының көбіне таныс емес еді. Өзінің маңдай терімен жеңіп алған жеңістерінің белгісі болып саналатын медальдарын алып келген спортшыға барлығы тамсана қарады. Кездесу барысында өзінің өмірі, спорттағы жетістіктері туралы сөз тарқатып, Ермек сұрақ қойған әрбір оқушыға ілтипатпен жауап беріп отырды.

     

  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

    Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

     

     

     

     

     

     

     

    Лицейдің жоғары сынып оқушылары Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Маркетинг және РRдепартаментінің директоры Тайкенова Майраш Гомаровнамен кездесті. Өскемен қаласына іскерлік сапармен келген М.Тайкенованың мақсаты – өзі қызмет істейтін университет туралы кең көлемде ақпарат беру, ақпараттық технология саласындағы басымдықтарды айрықша көрсету. Біздің лицейдің оқушылары қызығушылықпен тыңдап, технологияның сан түрлі саласы туралы көптеген пайдалы мәлімет алды. 

  • Кітап оқу акциясы

    Кітап оқу акциясы

     

     

     

     

     

     

     

    Ғабит Мүсіреповтің «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деген тамаша сөздері қандай орынды айтылған! Кітап оқыған кез-келген адамның ой-өрісі кеңейіп, сөз байлығы арта түсетіні айдан анық. Біздің лицейімізде былтырдан бастау алған кітап оқу акциясы биыл да өз жалғасын табуда.

  • Балалар шыршасы

    Балалар шыршасы

             

     

     

     

     

     

     

    Өскемен қазақ-түрік лицейінің әкімшілігі лицей қызметкерлерінің  мектеп жасына дейінгі балаларына арнап Жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырды. Мерекелік шыршаға келген бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарға өздерінің тақпақтары мен әндерін айтып, безендірілген шыршаны қызықтап, Аяз атадан тәтті сыйлықтарын алды. Балаларға осындай тамаша сәттер сыйлаған лицей әкімшілігіне ата-аналардың ризашылықтары шексіз.

  • Түлекпен кездесу

    Түлекпен кездесу

         

     

     

     

     

     

     

    Лицей қабырғасында тағы бір тамаша кездесу болып өтті. Өскемен қазақ-түрік лицейін бітіріп, кейін Вашингтон университетінің түлегі болған Нұрланов Шыңғыс өзінің алтын ұя мектебіне келіп, жоғары сынып оқушыларымен сұхбат жүргізді. Саясаттану мамандығын игеріп шыққан Шыңғыс өзі оқыған оқу орыны мен қызметтік тәжірибесі жайында таныстырды. Қазіргі таңда Герман қоғамдастығында халықаралық ынтымақтастық бойынша жоба жетекшісі болып қызмет атқаратын Шыңғыспен болған кездесу біздің оқушыларды талаптандыра түсті.    

  • «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол»

    «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол»

       

     

     

     

     

     

     

    Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назар­­­баевтың «Нұрлы Жол – бола­шаққа бастар жол» Жолдауын барша жұрт тыңдап, өздерінің пікірлерін білдіріп жатқаны баршамызға мәлім. Жолдау нағыз уақыт рухын сезіндіріп бүгінгі күннің әрқайсымызды толғандырған мәселелерді алдымызға алып шығып отыр. Сондықтан мұны әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың барлық сұрақтарына  жауап іздей отырып, күрделі кезеңнен елді аман-есен алып шығудың алғышарттарын қарастырған Жолдау деп танысақ та болады.

        Осы орайда Жолдауды басты назарға ұстаған лицей әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған кездесуге ШҚО «Нұротан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы, Өскемен қаласының құрметті азаматы – Қажыбаев Амангелді Қажыбайұлы, ата-аналар комитетінің төрайымы Құрманбаева Айгүл Балтановна келіп, оқушыларға Жолдаудың басым бағыттарын, мақсаты мен міндеттерін кеңінен түсіндірді.

  • «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» патриоттық әндер сайысы

    «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» патриоттық әндер сайысы

             

     

     

     

     

     

     

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы туған жеріміздің түкпір-түкпірінде думанға сай тойланды. Тарихы тереңде жатқан тәуелсіздік ұшқыны жалындап жанғалы биыл 23 жыл. Қасиетті мерекеге арнап Өскемен қазақ-түрік лицейінде «Ел бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты патриоттық әндер сайысы ұйымдастырылды. 7-9 сыныптар қатысқан бұл мерекелік шарада 7А сыныптың жас әншілері Дикеш Шәкәрім мен Нұрмұхамбетов Аңсаған жеңімпаз атанды.      

Информация о школе

  • <<БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ>> лицейі
    Өскемен қ., Лихарева к-сі, 5
  • +7 723 225 29 62
    +7 723 225 10 10

Карта

Кірген адам саны

Количество визитов: 373460