Навигация

  • Обновление данных

    Данные из программы aSc Расписания были обновлены
  • Мектеп суреттері
    07/04/2017

    Новые фотографии были добавлены в альбом Мектеп суреттері.

  • Мектеп суреттері
    07/04/2017

    Новые фотографии были добавлены в альбом Мектеп суреттері.

  • Шақыру

    Шақыру

    Ардақты аналар сіздерді ''Ана - өмір шуағы'' атты мерекелік концертімізге шақырамыз!

    Көңіліңізге көктем, жаныңызға жылу, өміріңізге мән сыйлайтын бұл кеште бізбен бірге болуға асығыңыз.

           Металлургтер мәдениет сарайы

           5 наурыз, сағат 12:00

           Ұйымдастырушы: Әкелер кеңесі

  • Қалалық колледждерге семинар

    Қалалық колледждерге семинар

    2016 жылғы 6-ақпан күні лицейіміздің ұжымы ШҚО Білім басқармасының бастамасымен, қалалық колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілеріне «Қазақ-түрік лицейлеріндегі тәрбие беру жүйесі және оның ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар ұйымдастырды. Семинардың ашылу салтанатынан соң лицей директоры Мерей Бахытұлы тәрбие тұжырымын түсіндіріп, мақсатын айқындап, адамның бойында тоғысатын адамгершілік құндылықтарға тоқталды. Екінші болып сөз алған әкелер кеңесінің төрағасы Қабыш Сайранхан ағамыздың «Бала тәрбиесіндегі ата-ана белсенділігі – қоғам дамуының негізгі факторы» атты баяндамасы лицей директоры айтқан «ата-ана – мұғалім - оқушы» тәрбие моделінің бірден бір дәлелі болып танылды. Ал Астана қаласынан арнайы шақырылған «Ұстаз» біліктілікті арттыру орталығының директоры Нұрлан Иманғалиев колледж қызметкекрлеріне өзінің дайындаған «Адамдықтың алты факторы» атты жобасын ұсынып, семинар тақырыбын тереңірек аша түсті. Қай оқу орны болмасын, білім алып жүрген еліміздің болашағы – жастарымыздың тәрбиесі қоғамдағы маңызды мәселенің бірі екені даусыз. Отбасында, оқу орнында қандай да бір проблемалар туындап, оны шешудің жолдарын таба білу үшін, семинарды қорытындылаған қазақ-түрік лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Сегізбаеваның «Бір шаңырақ астында» атты баяндамасы тыңдармандар үшін баға жетпес құнды кеңес болып табылды.    

  • «Жарқын болашақ» VIII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі.

    «Жарқын болашақ» VIII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі.

    2016 жылы 30 қаңтар күні лицейіміз «Жарқын болашақ» VIII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.

    «Әнші бұлбұлдар», «Сөз шеберлері», «Жазушылар», «Жас ғалымдар», «Тілші-әдебиетшілер» атты бес бағыттан тұратын осы олимпиадаға қала мектептерінің 7-11 сыныптарынан 148 оқушы қатысып, білім додасында топ жарып, 1-інші орынға иеленген 9 оқушы аталған олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.

    Атап айтсақ, №42 орта мектептің 9 сынып оқушысы Лоскутов Владислав пен №27 орта мектептің 8 сынып оқушысы Амалият Ақерке өздерінің тамаша ән орындау шеберлігімен көрермендерді тәнті етсе, №5 орта мектептің 11 сынып оқушысы Серікова Назерке ғылыми жоба қорғаудан жеңімпаз атанды.

    «Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысып, қазақ тіліне жанашыр болып жүрген еліміздің жарқын болашақтары жыл сайын көбейіп келеді. Барлық мектеп оқушыларына тек сәттілік тілеп, осындай сайыстарға дайындап жүрген ұстаздарына тек шынайы алғысымызды білдіреміз!

  • Педконсилиум

    Педконсилиум
    23/01/2016

    Қаңтар айының 23-і лицейімізде педконсилиум өтті. Ата-аналар балаларының сабақ үлгермі туралы мәліметтер алып, өзге де оқу барысындағы шаралармен танысты. Пән мұғалімдерімен жеке-жеке жолығып, балаларының жетістігі туралы мағлұмат алды. Педконсилиумның ата-аналар, оқушылар және мұғалімдер үшін пайдалы болғанына сенімдіміз.

  • Алматыға саяхат

    Алматыға саяхат

    Қаңтар айының 9-10 күндері лицейіміздің ата-аналарымен Алматы қаласына саяхат жасадық. Сулейман Демирел Университеті, Сулейман Демирел Колледжі, Галакси халықаралық мектебі, Алматы қыз балалар лицейі, Сема клиникасына қонақ болдық. Мекеме басшылары жылы шырай танытып, жақсы қарсы алды. Алматы қыздар лицейінің ата-аналарымен бірге өткен кешкі ас есте қаларлықтай болды.  

  • Облыстық қазақ драма театрына саяхат

    Облыстық қазақ драма театрына саяхат

    Театр қашанда болмасын өнер ордасы болып қала бермек. Ән, би, күй, көркем сөз, драма, комедия сынды жанрлардың қойылымға айналып, көрермендердің көзбен көріп, құлақпен естіп, жүрекпен сезінетін ең бір тамаша мәдениет ошағы екеніне еш күмән жоқ. Биыл Шығыс Қазақстандықтар үшін ең бір айтулы жыл болды. Өйткені көптен бері «Шіркін-ай! Үлкен бір театр болғанда ғой!» деп армандап жүрген тілектер орындалып, Ертістің сол жағалауының бойында бой көтерген облыстық драма театр ашылып, барлығымыздың қуанышымызда шек болмады. Ағымдағы жылдың 20 қараша күні Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің мұғалімдер ұжымы мен оқушылары лицей директоры Мерей Ташкенбаев мырзаның бастамасымен облыс орталығында ашылған жаңа театрға барып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Керей мен Жәнібек» атты сахналық қойылымды көріп қайтты. Театрға бару – дарынды балаларға арналған лицейдегі жиі өткізілетін шаралардың бірі. Лицейдің әрбір оқушысы ұлттық мәдениетпен таныса отыра, өзін рухани жағынан байыта түседі. Әдемі мәрмәр тастармен көмкерілген сәнді театр ғимаратын аралап, театр ұжымымен танысқан оқушылар спектакльдің басталуын асыға күтті. Тамаша тарихи драмасымен көремендерді тәнті еткен актерлердің шеберліктері анық сомдалып, заманауи декорациялар әрбір көрерменді таң тамаша етті. Тарихи маңызы зор осындай спектакльдер оқушылардың еліміздің тарихына деген қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын арттыратынына еш күмән жоқ. Сондықтан да, театрдан тамаша көңіл-күймен қайтқан оқушылар мен лицей ұжымы барлық актерлерге шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта осындай қойылымдарға үздіксіз келіп тұрамыз деген ниет білдірді.      

  • Қарттар үйінде концерт

    Қарттар үйінде концерт

    Өскемен қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушылары Глубокое ауданына қарасты Солнечный кентінде орналасқан «Қарттар үйіне» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық концертімен барып қайтты. Мерекелік шараның басты мақсаты оқушыларды үлкендерді құрметтеуге дәріптеумен қатар интернаттағы қария, ата-апаларымызға бір қуаныш, жанның жылуын сыйлау болатын. Бұл сапардан оқушылардың алған әсерлері зор болды. Шара соңында көрермендермен кері байланыс орнатқан кезде, мейірімділік, құрмет көрсету, сыйластық, махаббатың адам өміріндегі басты құндылық екеніне ешбір дәлелсіз көз жеткізген оқушылар қамқорлықтың да қаншалықты маңызды екенін ұғынды. Интернат әкімшілігі тарапынан алғыс айтылып, алдағы мерекелерде де күтетіндерін және түрлі шараларды бірлесе жасауға ниеттерін білдірді.

  • Балалар ауылында концерт

    Балалар ауылында концерт

    Өскемен қазақ-түрік лицейінің оқушылары өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Р.Рамазанованың жетекшілігімен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Жақсылыққа жаным жақын...» атты мерекелік концертімен Ахмеркентінде орналасқан «Балалар ауылына» барып қайтты. Оқушылардың өз шығармашылық жұмыстарын таныстырумен қатар, «Балалар ауылының» тәрбиеленушілерімен достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған аталған шара түрлі ойындар мен сұрақ-жауаптарға толы болды. Әсем әуен, домбыра мен гитараның үні, заманауи және ұлттық би, сықақ пен прозаның үйлесімін тапқан концерттік нөмірлердің соңы ғибратты көрініспен аяқталды. Кеш соңында балалар үйінде тәрбиеленушілер өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, естелік суретке түсті

  • О.Бөкей атындағы орталық кітапхана

    О.Бөкей атындағы орталық кітапхана

    Өскемен қаласының О.Бөкей атындағы орталық кітапханасында Елбасының жүргізіп отырған саясатын қолдау, жастардың бойында отаншылдық сезімін нығайту және тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау мақсатында «Ел таңдаған Елбасы» атты жыр мүшәйрасы болып өтті. Аталған шараға Өскемен қазақ-түрік лицейінің қітапханашысы О.Орынбаеваның жетекшілігімен ақынжанды бір топ оқушылары қатысты. Кітапхананың белсенді оқырмандарының бірі, әрі ондағы түрлі шараларға белсене қатысып жүрген лицейіміздің 8 сынып оқушысы Нұрмұхамбетов Аңсаған жыр мүшайрасына қатысқаны үшін Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ әкімшілігінің алғыс хатына ие болды.

  • Оқушлыларымыз ғылыми жобалар конкурсынан жүлделі орындармен оралды

    Оқушлыларымыз ғылыми жобалар конкурсынан жүлделі орындармен оралды

    2015 жылдың 05 желтоқсан күні болған 2015-2016 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне Өскемен қазақ-түрік лицейінен 15 оқушы қатысты. Өлкетану, қолданбалы математика, математика, биология, әдебиет, физика пәндері бойынша  лицей оқушыларының 4 жобасы  І орынға,  2 жобасы  ІІІ орынға қол жеткізіп, республикалық кезеңге өтсе, қалған оқушылар сертификаттарға ие болды

  • Дәстүрлі велошеру

    Дәстүрлі велошеру

    Сенбі, 10-қазан күні Өскемен қазақ-түрік лицейінде дәстүрлі велошеру өз жалғасын тапты.  Лицей әкімшілігі қала әкімдігі және жол полцициясы басқармасының қолдауымен өткізген бұл шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Қазақстан Республикасы  Президентінің  «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Жолдауын  іске асыру мақсатында өткізілген «Біз салауатты өмірді таңдаймыз!» атты велошеруге қатысқан оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Олар Новаторлар көшесінен бастау алып, Славский атындағы Жағалаумен жүріп өтіп, Лихарев көшесі арқылы лицей ауласына келіп тоқтады. Велосипедшілерді лицей ұстаздары мен ата-аналар салтанатты түрде қарсы алды және жиын соңында белсенді деп танылған 7Б, 8Б сыныптар алғыс хаттармен марапатталып, тәтті тортқа ие болды.

     


     

  • Ертіс полиция бөлімі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Курмышева Сауле Бырлыковнамен кездесу

    Ертіс полиция бөлімі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Курмышева Сауле Бырлыковнамен кездесу

    2015 жылғы 07 қазан күні Өскемен қазақ-түрік лицейінде Өскемен қаласы Ертіс полиция бөлімі кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің учаскелік инспекторы полиция аға лейтенанты Курмышева Сауле Бырлыковнамен кездесу болып өтті. Тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес өткізілген кездесуге лицейдің барлық оқушылары қатысқан еді. Азаматтық, құқықтық жауапкершілік тақырыбында әңгіме өрбітіп, полиция инспекторы жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін бұзақылық әрекеттер мен оларды алдын-алу жағдайлары мен қолданылатын жазалар тақырыбында лекция оқыды. Кездесу соңында оқушылар сұрақтар қойып, тың мағлұмат берген С.Курмышеваға ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

     

    Өскемен қазақ-түрік лицейі       

  • Аудан мұғалімдеріне арнайы коучинг

    Аудан мұғалімдеріне арнайы коучинг

    Өскемен қазақ-түрік лицейінің қазақ тілі бірлестігінің мұғалімдері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ШҚО бойынша филиалы ұйымдастырған семинарға қатысушы аудан мұғалімдеріне арнайы коучинг жүргізді. Қазақ әдебиеті сабақтарында оқыту әдістемесінің бірнеше үлгілерін көрсетіп, дарынды балалармен жұмыс жүргізу тәжірибелерімен бөлісті. Дәлірек айтсақ,  қазақ тілі мұғалімі Еркежан Мұратова 9-сыныпқа арналған «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырын оқытуға арналған сабақ үлгісін өтікізді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, сабақ барысында әр түрлі стратегиялармен жұмыс жүргізіп, топтарға бөліп, жырдың мазмұндық, композициялық, көркемдік ерекшелігін анықтады. Мақсат – тәжірибе алмасу болғандықтан, лицей мұғалімдерінің осындай бір сабақ үлгісіне жоғары баға берген семинарға қатысушылар шынайы алғыстарын білдірді.    

  • Өскемен қазақ-түрік лицейі «Рухани-адамгершілік білім беру арқылы тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жолдары» атты семинар ұйымдастырды

    Өскемен қазақ-түрік лицейі «Рухани-адамгершілік білім беру арқылы тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жолдары» атты семинар ұйымдастырды

    Рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру – жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, әрі маңызды бағыт. Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Осыған орай, «Өрлеу» БАҰОФ бастамасымен ШҚО аудандарынан келген тәрбиешілер үшін Өскемен қазақ-түрік лицейі «Рухани-адамгершілік білім беру арқылы тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жолдары» атты семинар ұйымдастырды. «Қазақ-түрік лицейлеріндегі адамгершілік-рухани тәрбиенің іске асырылуы» және «Оқушылардың қоғамда өз орнын табудағы ата-ананың рөлі» деп аталған екі бөлімнен құралған семинарда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Адиханов тыңдаушылар назарына қазақ-түрік лицейлеріндегі рухани-адамгершіліктің маңыздылығы туралы терең мәліметтер берді. Сонымен қатар, тыңдаушыларға ұсынылған презентация арқылы ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен қалай ұштастыра білуге  бағыт беріп,  балалардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашу және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығара білу керектігін түсіндіріп айтты. Аталған семинар өте қызықты әрі танымды өтті. Лицей қонақтары мектеп ұжымына өте жоғары баға беріп, алғыстарын білдірді.

  • Ақбауырға саяхат

    Ақбауырға саяхат

    Өскемен қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушылары география пәнінің мұғалімі Н.М.Жақанбаеваның жетекшілігімен Өскемен қаласының жанында орналасқан алты мың жылдық тарихы бар Ақбауыр ескерткішіне барып қайтты.

    Ақбауыр – Жоғары Ертістің қызықты табиғи-тарихи ескерткіші, неолиттік ғибадатханалық кешен. Оның орталық бөлігінде Ақбауыр шатқалы орналасқан. Тау үңгірінде 80-ге жуық көне сурет табылған, соның ішінде адамдардың, таутекелердің бірнеше бейнесі, тұрғындар мен арбалардың да суреттері бар, қалғандары – түрлі нышандар мен белгілер. Үңгірдің жүрек түріндегі табиғи қуыс «төбесі» өңдеу іздерін сақтап қалған. Туған жердің осындай ғажайып кереметін естіп жүрген оқушылар өз көздерімен көргенде шынымен де таңырқады.

    Алтай жері Ертіс бойы ежелден адамзат баласының тал бесігі, өркениет қайнары болып келгенін лицей оқушылары тағы бір көз жеткізіп, ақынжанды ұлдарымыз өз өлеңдеріне Ақбауыр ескерткіштерін арқау етеріне еш күмән жоқ.

     

    Өскемен қазақ-түрік лицейі  

  • Алғашқы қоңырау - 2015

    Алғашқы қоңырау - 2015
    01/09/2015

    Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейі «Алғашқы қоңырау - 2015!»  атты Білім күнін  атап өтті. Аталған мерекенің мақсаты: «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде білім беру процессіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу. Қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның жетістіктерін насихаттау, басты құндылықтарды – тәуелсіздік, бейбітшілік пен келісімді нығайту.

    Білім күніне арналған шара екі бөлімнен тұрды. Біріншісі - «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиын болса, екіншісі - «Менің Отаным – Қазақстан» атты білім сабақтары.

    Салтанатты жиынға білім алушы барлық оқушылар мен олардың ата – аналары және еңбек ардагерлері қатысты. Әскери жетекшінің арнайы рапортынан кейін ҚР Мемлекеттік Туы енгізіліп, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды. Лицей директоры М.Б.Ташкенбаев салтанатты жиынды «ашық» деп жариялаған соң, жүргізушілер тарапынан құттықтау сөздер, тілектер айтылды. Лицей директоры М.Б.Ташкенбаев жиылған қауымды Білім күнімен құттықтап, білім ордасының өткен 2014 – 2015 оқу жылындағы жетістіктеріне тоқталды. Білімде үздік болған оқушыларды және ұстаздарды марапаттау сәті ата – аналардың тілегіне ұласты.

    Лицейімізге жаңа қабылданған 7-сынып оқушыларының Ант қабылдау рәсімі өткізілді. Лицей табалдырығын аттап отырған жас жеткіншектерімізді тамаша әнмен құттықтаған Аңсаған және Шәкәрім атты 8 сынып оқушыларының орындауындағы «Туған Ел» әні мерекенің сәнін келтірді. Музыкалық сәлем жолданғаннан кейін, өткен оқу жылында республикалық пән олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Бекболов Дәулет пен лицейге қабылданған оқушылар ішінде ең жоғары ұпай жинап, болашағынан үлкен үміт күттіретін 7-сынып оқушысы Байболов Темірлан 2015 – 2016 оқу жылының алғашқы қоңырауын соқты.

    Әскери жетекшінің арнайы рапортынан ҚР Мемлекеттік Туы шығарылды. Лицей директоры М.Б. Ташкенбаев салтанатты жиынды «жабық» деп жариялаған соң, барлық ұстаздар мен оқушылар, ата – аналар білім сабақтарын тамашалауға лицейге бет алды.

Информация о школе

  • <<БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ>> лицейі
    Өскемен қ., Лихарева к-сі, 5
  • +7 723 225 29 62
    +7 723 225 10 10

Карта

Кірген адам саны

Количество визитов: 373088